Windows Live Mail бағдарламасының 2009 нұсқасын электрондық пошта тіркелгіңізге реттеу

 

Мынаған қолданылады: Office 365 for professionals and small businesses, Office 365 for enterprises, Microsoft Exchange, Live@edu

Бөлімнің соңғы жаңартылуы: 2013-01-22

Электрондық пошта тіркелгісін POP3 немесе IMAP4 жалғау мүмкіндіктері арқылы Windows Live Mail 2009 нұсқасына қосуға болады.

Егер Windows Live Mail 2011 бағдарламасын пайдаланып жатсаңыз, Windows Live Mail 2011 бағдарламасын электрондық пошта тіркелгіңізге орнату бөлімін қараңыз.

Windows Live Mail 2009 нұсқасын электрондық пошта тіркелгісіне кіруге қалай реттеймін?

  1. Windows Live Mail бағдарламасын іске қосыңыз. Шебер бірінші рет ашылған кезде іске қосылады. Егер шебер бағдарлама бірінші рет ашылғанда іске қосылмаса, төмендегі әрекеттерді орындаңыз:

    1. Құралдар мәзіріндегі Тіркелгілер түймешігін басыңыз. Егер сіз Windows Live Mail бағдарламасының нұсқасында Құралдар мәзірін көрмесеңіз, Windows Live Mail 2011 бағдарламасының нұсқасын пайдалансаңыз болады. Толығырақ ақпарат алу үшін Windows Live Mail 2011 бағдарламасын электрондық пошта тіркелгіңізге орнату бөлімін қараңыз.

    2. Тіркелгілер бетінде Қосу түймешігін басыңыз.

    3. Тіркелгіні қосу бетінде Электрондық пошта тіркелгісі параметрін таңдап, Келесі түймешігін басыңыз.

  2. Электрондық пошта тіркелгісін қосу бетінде мына әрекеттерді орындаңыз:

    1. Электрондық пошта мекенжайы жолағына электрондық поштаның мекенжайын енгізіңіз.

    2. Құпия сөз жолағына құпия сөзді енгізіңіз. Егер сіз Windows Live Mail бағдарламасының құпия сөзді есіне сақтағанын қаласаңыз, Құпия сөзді еске сақтау параметріне белгі қойыңыз.

    3. Көрсетілетін аты жолағына толық аты-жөніңізді енгізіңіз.

    4. Электрондық пошта тіркелгісі үшін сервер параметрлерін қолмен конфигурациялау параметрін таңдап, Келесі түймешігін басыңыз.

  3. Шебердің келесі бетінде Кіріс сервер ақпараты ішіне мына мәліметтерді енгізіңіз:

    1. Мәзірдегі Келген пошта сервері – <түр> сервері ішінен IMAP немесе POP3 параметрін таңдаңыз. IMAP қосымша мүмкіндіктерді қолдайды.

    2. Кіріс сервер астына РОР3 немесе IMAP4 сервер атауын енгізіңіз. Кіріс (POP3 немесе IMAP4) сервер атауын қалай табу туралы қосымша ақпарат алу үшін осы бөлімнің соңғы жағындағы Сервер параметрлерін қалай іздеу керек? бөлімін қараңыз.

    3. Бұл сервер қауіпсіз қосылымды қажет етеді (SSL) параметрін таңдаңыз.

    4. Көмегі арқылы кіру ішіндегі Таза мәтіннің түпнұсқалық растамасы тармағының таңдалғанына көз жеткізіңіз.

    5. Кіру идентификаторы (электрондық пошта мекенжайынан басқаша болса) ішіне электрондық пошта мекенжайын толығымен енгізіңіз.

  4. Шығыс сервер ақпараты астындағы мына әрекеттерді орындаңыз:

    1. Шығыс сервер астына SMTP сервер атын енгізіңіз. Шығыс (SMTP) сервер атауын табу туралы қосымша ақпарат алу үшін осы бөлімнің соңғы жағындағы Сервер параметрлерін қалай іздеу керек? бөлімін қараңыз.

    2. Бұл сервер қауіпсіз қосылымды (SSL) қажет етеді параметрінің жанына белгі қойыңыз.

    3. Менің шығыс серверім түпнұсқалық растаманы қажет етеді параметріне белгі қойып, Келесі түймешігін басыңыз.

  5. Жаңа тіркелгі параметрлері дайын бетіндегі Аяқтау түймешігін басыңыз.

  6. Тіркелгілер бетіндегі Жабу түймешігін басыңыз.

  7. Егер IMAP4 пайдаланылып, IMAP қалталарын көрсету/жасыру диалогтық терезесі көрсетілсе, сервер мен жергілікті компьютер арасында синхрондалатын қалталарды таңдау үшін Windows Live Mail пайдаланушы интерфейсін пайдаланыңыз. Кейін ОК түймешігін басыңыз.

Сервер параметрлерін қалай іздеу керек?

POP3 немесе IMAP4 электрондық пошта бағдарламасын орнату алдында жеке POP3, IMAP4 және SMTP сервер параметрлерін қарап алу керек.

POP немесе IMAP электрондық пошта бағдарламасының параметрлерін табу туралы мәліметтер алу үшін осы бейнені көріңіз.

Сервер параметрлерін табу үшін электрондық пошта тіркелгіңізге Outlook Web App бағдарламасын пайдаланып кіріңіз. Кіргеннен кейін Параметрлер > Барлық параметрлерді көру > Тіркелгі > Менің тіркелгім > POP, IMAP және SMTP кіруге арналған параметрлер параметрлерін таңдаңыз. POP3, IMAP4 және SMTP серверінің атауы мен басқа да енгізілуі тиісті параметрлердің тізімі POP параметрі немесе IMAP параметрі және SMTP параметрі ішіндегі Протокол параметрлері бетінде көрсетілген.

noteЕскертпе:
Егер POP параметрі, IMAP параметрі және SMTP параметрі жанында Қол жетімді емес деген жазуды көрсеңіз, демек, тіркелгіңіз POP немесе IMAP электрондық пошта бағдарламаларын пайдаланатындай етіп орнатылмаған болуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін электрондық пошта тіркелгіңізді басқаратын адамға хабарласыңыз.

Қосымша не білгенім жөн?

  • Егер сіз POP3 немесе IMAP4 протоколын пайдалану керектігін білмесеңіз, IMAP4 протоколында мүмкіндіктер көбірек болатындықтан, оны пайдаланып көріңіз.

  • Электрондық пошта тіркелгіңіз тіркеуді қажет ететін түрге жатса, оны Outlook Web App бағдарламасына бірінші рет кіргенде тіркеуіңіз керек. Тіркелгіңізді Outlook Web App көмегімен тіркемеген болсаңыз, POP3 немесе IMAP4 арқылы электрондық пошта тіркелгісіне қосылу орындалмайды. Тіркелгіге кіргеннен кейін шығыңыз. POP3 немесе IMAP4 арқылы қосылып көріңіз. Тіркелгіңізге Outlook Web App бағдарламасы арқылу кіру туралы қосымша ақпаратты Веб-шолғышты пайдалану арқылы электрондық поштаға қалай кіру керек бөлімінен қараңыз. Кіруде мәселе бар болса, Жиі қойылатын сұрақтар: кіру және құпия сөз мәселелері бөлімін қараңыз немесе электрондық пошта тіркелгіңізді басқаратын адамға хабарласыңыз.

  • Егер бұл процедура орындалғаннан кейін Windows Live Mail бағдарламасы қосылмаса, дұрыс түпнұсқалық растама параметрін пайдаланып отырғаныңызды тексеру керек болуы мүмкін. Оны мына әрекеттерді орындау арқылы анықтауға болады:

    1. Құралдар мәзіріндегі Тіркелгілер түймешігін басыңыз.

    2. Тіркелгілер бетінде тіркелгіні таңдап, Сипаттар түймешігін басыңыз.

    3. Тіркелгіңіздің Сипаттар бетінде Серверлер қойындысындағы Таза мәтіннің тұпнұсқалық растамасы арқылы кіру ұяшығына белгі қойылғанын тексеріңіз.

  • Егер IMAP4 пайдаланылса, жергілікті компьютерге көшірмені жүктегеннен кейін Windows Live Mail бағдарламасы әрқашан хабардың көшірмесін серверге сақтап отырады. Егер POP3 пайдаланылса, Windows Live Mail бағдарламасы хабарлардың көшірмесін серверге әдепкіше сақтайды. Егер POP3 пайдаланылса, хабардың көшірмесі жергілікті компьютерге жүктелгенде оны серверден алып тастауға Windows Live Mail бағдарламасын реттеуге болады. Хабарлардың көшірмесін серверге сақтаған дұрыс, себебі ол хабарларға басқа электрондық пошта бағдарламасынан кіруге мүмкіндік береді. Көшірмені серверден алып тастау үшін Windows Live Mail бағдарламасын төмендегідей реттеуге болады:

    1. Құралдар мәзіріндегі Тіркелгілер түймешігін басыңыз.

    2. Тіркелгілер бетінде тіркелгіні таңдап, Сипаттар түймешігін басыңыз.

    3. Тіркелгінің Сипаттар бетінде Қосымша қойындысын басып, Жеткізу ішінен Хабарлардың көшірмесін серверде қалдыру параметрінің таңдалмағанына көз жеткізіңіз.

Қосымша ақпарат алу үшін не істеу керек?