Бөлісу құралы:


ЖҚС: дауыстық пошта

 

Мынаған қолданылады: Office 365 for professionals and small businesses, Office 365 for enterprises, Microsoft Exchange, Live@edu

Бөлімнің соңғы жаңартылуы: 2011-11-23

Мұнда пайдаланушылардың дауыстық пошта туралы сұрақтары берілген.

Сұрақтар

  • Дауыстық поштаны қалай теңшеу керек?

  • Дауыстық хабар алғанда телефонда не көремін?

  • Дауыстық поштаны қалай тыңдауға болады?

  • Электрондық поштамды немесе күнтізбемді ұялы телефонда тыңдай аламаын ба?

  • Дауыстық пошта жүйесімен қалай өзара әреттесемін?

  • Қоңырауды өткізіп алғанымды қалай біле аламын?

  • Дауыстық поштаны алдын ала қарау деген не?

  • Жеткізілмегені туралы дауыстық пошта хабарын алсам не істеу керек?

  • Дауыстық хабар алғанда, қоңырау шалушының атын көрмеймін. Мен тек оның телефон нөмірін көремі. Мұны қалай түзетуге болады?

  • Дауыстық поштаға PIN кодынсыз кіру үшін «дауыстық поштама кіру үшін қоңырау шалғанда PIN кодын пайдаланғым келмейді» (ұсынылмайды) параметрін таңдағанда, дауыстық поштама кірген кезде менен бәрібір PIN коды сұралады. Мұны қалай түзетуге болады?

  • Дауыстық пошта орнату кезінде қоңырау бағытын өзгертуді орнатуға әрекет жасағанда, мен «Қоңырауларға тыйым салынған» қате туралы хабар аламын. Мұны қалай түзетуге болады?

Жауаптар

Дауыстық поштаны қалай теңшеу керек?

Веб-шолғышты пайдалану арқылы пошта жәшігіне кіріңіз. Параметрлер, Барлық параметрлерді көру, Телефон түймешігін басып, Дауыстық пошта қойындысын басыңыз. Дауыстық поштаны теңшеу үшін Қазір теңшеу пәрменін таңдап, нұсқауларды орындаңыз. Пошта жәшігіне кіру үшін қай Веб-мекенжайды пайдалану керектігі туралы қосымша ақпарат алу үшін Веб-шолғышты пайдалану арқылы электрондық поштаға қалай кіру керек торабына өтіңіз.

Беттің үстіңгі жағы

Дауыстық хабар алғанда телефонда не көремін?

Бір немесе бірнеше хабарлама аласыз, соның ішінде:

  • Ұялы қызмет жеткізушісінен өткізіп жіберген қоңырау туралы хабарлама, бірақ дауыстық пошта хабарламасы болмайды.

  • Дауыстық хабардың бір бөлігі мәтіндік хабарға жазылған мәтіндік хабар.

  • Ұялы телефонда Outlook Web App электрондық пошта тіркелгіңізді теңшесеңіз, сонымен бірге, «Кіріс» қалтасына жеткізілген дауыстық хабарларды оқи және тыңдай аласыз.

Беттің үстіңгі жағы

Дауыстық поштаны қалай тыңдауға болады?

Мұны істеудің бірнеше жолы бар:

  • Ұялы телефон нөміріңізді тіркегеннен кейін жай өз телефон нөміріңізге қоңырау шала аласыз.

  • Outlook Voice Access нөмірін терсеңіз болады.

  • Ұялы телефонда жасалған болса, жылдам теру пернесін пайдалана аласыз.

  • Ұялы телефонда контактіні жасап, оған тура басқа контактілерге сияқты қоңырау шалуға болады.

  • Outlook Web App бағдарламасына кіріп, дауыстық хабарларға қосылған ендірілген мультимедиа плеерді пайдалануға болады.

  • Ұялы телефонда Outlook электрондық пошта тіркелгісін орнатуға болады.

Беттің үстіңгі жағы

Электрондық поштамды немесе күнтізбемді ұялы телефонда тыңдай аламаын ба?

Иә, Outlook Voice Access нөмірін тергенде, PIN кодты енгізу ұсынылғаннан кейін жүйе электрондық поштаңыз бен күнтізбеңізді оқиды. Сондай-ақ, дауыстық хабарларды дауыстық пошта параметрін таңдау арқылы тыңдай аласыз.

Беттің үстіңгі жағы

Дауыстық пошта жүйесімен қалай өзара әреттесемін?

Дауыстық поштаға бірінші рет қосылғанда, PIN кодты енгізу үшін телефон пернетақтасын пайдаланасыз. PIN кодты енгізгеннен кейін жүйемен дауыстық пәрмендерді пайдаланып өзара әрекеттесе аласыз. Жүйе сізді түсінбесе немесе артыңыздағы шу көп болса, ол дауыстық пәрмендердің орнына пернетақтаны пайдаланғыңыз келетін-келмейтініңізді сұрайды.

Беттің үстіңгі жағы

Қоңырауды өткізіп алғанымды қалай біле аламын?

Ұялы қызмет жеткізушілерінің көпшілігі ұялы телефонда өткізіп жіберілген қоңырау туралы хабарламаны көрсетеді. Дауыстық пошта хабарламасын алғанда, ұялы телефонға мәтіндік хабар жіберіледі. Дауыстық пошта хабарламаларын өшірсеңіз, дауыстық пошта хабарлары бойынша мәтіндік хабарлар алмайсыз. Бірақ, ұялы қызмет жеткізушіңізден әлі де өткізіп жіберілген қоңырау туралы хабарламаларды аласыз.

Дауыстық пошта хабарламаларын өшіруді шешсеңіз, ұялы телефонда Outlook Web App электрондық пошта тіркелгісін орнату керек. Осылайша «Кіріс» қалтаңызда дауыстық поштаны көресіз.

Беттің үстіңгі жағы

Дауыстық поштаны алдын ала қарау деген не?

Қоңырау шалушыдан дауыстық пошта алынғанда жүйе дауыстық хабарды жасайды. Дауыстық хабар қалдырғанда қоңырау шалушы айтатын барлық нәрсе «Кіріс» қалтасындағы электрондық пошта хабарының мәтініне тікелей қойылады. Сондай-ақ, дауыстық хабарға негізделген мәтіндік хабар алғанда, ол мәтіндік хабарда дауыстық хабардың мәтін түріндегі бөлігі болады.

Беттің үстіңгі жағы

Жеткізілмегені туралы дауыстық пошта хабарын алсам не істеу керек?

Өткізілген қоңырау немесе дауыстық бойынша жеткізілмегені туралы хабар алсаңыз, мәтіндік хабарлар алмасу параметрлерінде бірдеңе дұрыс теңшелмеген. Мәтіндік хабарлар алмасу қойындысында мәтіндік хабарлар алмасу параметрлерін теңшеу немесе өңдеу керек.

Беттің үстіңгі жағы

Дауыстық хабар алғанда, қоңырау шалушының атын көрмеймін. Мен тек оның телефон нөмірін көремі. Мұны қалай түзетуге болады?

Біреу сізге дауыстық пошта қалдырса, сіз қоңырау шалушының аты немесе телефон нөмірі бар электрондық пошта хабарын аласыз. Дауыстық хабарда адамның аты емес, ал тек телефон нөмірі көрсетілген болса, қоңырау шалушының дұрыс телефон нөмірін қамтитын жеке контактісін қоса аласыз.

Қоңырау шалушы дауыстық хабар қалдырғанда, оның телефон нөмірі жеке контактілердегі жазбалармен салыстырылады. Қоңырау шалушының атын жеке контактілерді табу мүмкін емес болса, дауыстық хабарға телефон нөмірі ғана қосылады. Адамның атын дауыстық хабарға қосылған күйде қалдырғыңыз келсе, келесі пішімді пайдаланып жеке контакті үшін телефон нөмірін енгізу керек: +1 (425) 555-1234. Дауыстық пошта кірістірілген телефон нөмірін көшіріп, оны жеке контактінің телефон нөмірі өрістерінің біреуіне қоюға болады.

Беттің үстіңгі жағы

Дауыстық поштаға PIN кодынсыз кіру үшін «дауыстық поштама кіру үшін қоңырау шалғанда PIN кодын пайдаланғым келмейді» (ұсынылмайды) параметрін таңдағанда, дауыстық поштама кірген кезде менен бәрібір PIN коды сұралады. Мұны қалай түзетуге болады?

Бәрібір PIN код сұралса, ұялы телефонда қоңырау шалушының идентификаторын бұғаттан ашу керек. Мұны істеу туралы ақпарат алу үшін ұялы телефонның пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.

Беттің үстіңгі жағы

Дауыстық пошта орнату кезінде қоңырау бағытын өзгертуді орнатуға әрекет жасағанда, мен «Қоңырауларға тыйым салынған» қате туралы хабар аламын. Мұны қалай түзетуге болады?

T-Mobile сияқты ұялы қызмет жеткізушісінен алдын ала төленген жоспарыңыз болса, қоңырау бағытын өзгертуді теңшей алмайсыз. Дауыстық поштаны орнатудың қалған қадамдарын аяқтап, содан кейін ұялы қызмет жеткізушісінің тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына қоңырау шалып, қоңырау бағытын өзгерту әдісін білуіңіз керек.

Беттің үстіңгі жағы

Қосымша ақпарат алу үшін не істеу керек?

Егер сұрақтарыңыз болса, мына сілтемелерді қараңыз.