Outlook Web App арқылы теңшелген ұялы телефондағы дауыстық пошта, электрондық пошта, күнтізбе және контактілер

 

Мынаған қолданылады: Office 365 for enterprises, Microsoft Exchange

Бөлімнің соңғы жаңартылуы: 2009-04-03

Телефон арқылы дауыстық поштаңызды немесе электрондық поштаңызды тыңдау үшін және күнтізбеңіз бен жеке контактілеріңізге қатынасу үшін Outlook Voice Access бағдарламасын пайдалана аласыз. Электрондық поштаға, күнтізбеге және контактілер туралы ақпаратқа телефоныңыздан кіру үшін PIN кодын енгізуіңіз қажет. Әдепкі бойынша, таңдаған PIN кодыңыз дауыстық поштаңызға кіру үшін де пайдаланылатын болады.

Бұл ұсынылмаса да, Дауыстық пошта қойындысында Дауыстық поштама PIN кодсыз кіруге рұқсат беру құсбелгісін қоюыңызға болады, бұл сізге дауыстық поштаңызды PIN кодсыз алуға мүмкіндік береді. Бұны орындасаңыз, электрондық поштаңызға, күнтізбеңізге немесе контактілер туралы ақпаратқа кіргенде PIN код ұсынылады, бірақ дауыстық поштаңызға кіргенде ұсынылмайды.

Дауыстық поштама, электрондық поштама, күнтізбеме және контактілерге телефон арқылы қалай кіруге болады?

Дауыстық поштаңызға, электрондық поштаңызға, күнтізбеңізге және контактілеріңізге ұялы телефоныңыздан дауыстық пошта PIN кодынсыз кіріңіз:

  1. Outlook Voice Access телефон нөміріне қоңырау шалыңыз, оны сіз Дауыстық пошта қойындысынан табасыз.

  2. Келесіге ұқсас хабарларды естисіз: "Жаңа 2 дауыстыќ хабарыѕыз, жаѕа 10 электрондыќ пошта хабарыѕыз бар жјне келесі кездесу таѕертеѕгі саєат 10:00-да. Дауыстық поштаны, электрондық поштаны, күнтізбені, жеке контактілерді, каталогты немесе жеке параметрлерді атаңыз". Егер сіз "электрондық пошта", "күнтізбе" немесе "контактілер" десеңіз, сізге PIN кодыңыз ұсынылады.

Дауыстық поштаңызға, электрондық поштаңызға, күнтізбеңізге немесе контактілеріңізге ұялы телефоныңыздан дауыстық пошта PIN кодымен кіріңіз:

  1. Outlook Voice Access телефон нөміріне қоңырау шалыңыз, оны сіз Дауыстық пошта қойындысынан табасыз.

  2. "PIN кодыңызды енгізіп, # пернесін басыңыз", - дегенді естисіз.

  3. PIN кодыңызды енгізгеннен кейін, келесіге ұқсас хабарларды естисіз: "Жаңа 2 дауыстыќ хабарыѕыз, жаѕа 10 электрондыќ пошта хабарыѕыз бар жјне келесі кездесу таѕертеѕгі саєат 10:00-де. Дауыстық поштаны, электрондық поштаны, күнтізбені, жеке контактілерді, каталогты немесе жеке параметрлерді атаңыз".

Қосымша не білгенім жөн?

  • Әріптер мен сандардың тіркесін енгізгенде, мысалы, "Mike1092", сандар өз орындарымен бірден түседі. "Mike1092" деген электрондық поштаның бүркеншік атын дұрыс енгізу үшін, 64531092 сандарын басуыңыз керек. Сонымен қатар, A-Z және 0-9 таңбаларынан басқа таңбаларға сай келетін телефон пернесі жоқ, сондықтан бұл таңбалар бүркеншік аттың бөлігі ретінде енгізілмеуі керек. Мысалы, "mike.wilson" бүркеншік аты 6453945766 ретінде енгізілуі керек. Тіпті 11 таңба болса да тек 10 сан енігізіледі, себебі нүктенің (.) сандық баламасы жоқ.