Mac OS X IMAP немесе POP қатынасына арналған Entourage бағдарламасын электрондық пошта тіркелгісіне реттеу

 

Мынаған қолданылады: Office 365 for professionals and small businesses, Office 365 for enterprises, Microsoft Exchange, Live@edu

Бөлімнің соңғы жаңартылуы: 2011-03-19

POP3 немесе IMAP4 қосылымын қолданып электрондық пошта тіркелгісіне Mac OS X жүйесіне арналған Microsoft Entourage бағдарламасын орнатуыңызға болады. Бұл процедура Entourage 2004 және Entourage 2008 бағдарламасына қолданылады.

Егер Entourage 2008 бағдарламасының веб қызметі шығарылымын іске қоссаңыз, тіркелгіге қосылу үшін осы бөлімдегі қадамдарды пайдаланбайсыз. Entourage 2008 Web Services Edition нұсқасы Entourage 2008 нұсқасына тегін жаңарту болып табылады. Толығырақ мәлімет үшін осы тармақтың соңындағы «Көбірек білгім келсе маған не керек?» бөлімін қараңыз.

Электрондық пошта тіркелгіме кіру үшін Entourage бағдарламасы қалай реттеледі?

  1. Mac жүйесіне арналған Entourage бағдарламасындағы Құралдар мәзірінен Тіркелгілер > Жаңа түймешіктерін басыңыз.

  2. Жаңа тіркелгі терезесіндегі, Жаңа электрондық пошта тіркелгісін қосу ішінде, Тіркелгі түрі жанындағы ашылмалы мәзірден IMAP немесе POP протоколын таңдаңыз, содан кейін OK түймешігін басыңыз. IMAP протоколында мүмкіндіктер көбірек болатындықтан, оны пайдаланғыңыз келуі мүмкін.

  3. Тіркелгіні түзету бетінде мына әрекетті жасаңыз:

    Тіркелгі аты ішіне тіркелгінің атын теріңіңіз.

    Жеке ақпарат ішінде:

    1. Аты жолағының қасына электрондық пошта жіберген кезде көргіңіз келген адамның атын енгізіңіз.

    2. Электрондық пошта мекеннжайы жолағының қасына толық электрондық пошта мекенжайын (мысалы, tony@contoso.com.) енгізіңіз.

    Пошта қабылдау ішінде:

    1. Тіркелгінің ID идентификаторы жолағының қасына толық электрондық пошта мекенжайын ензіңіз.

    2. Егер IMAP сервері қасындағы IMAP4 протоколын пайдаланып жатсаңыз, IMAP4 сервер атын енгізіңіз. Егер POP сервері ішіндегі POP3 протоколын пайдаланып жатсаңыз, POP3 сервер атын енгізіңіз. Кіріс (POP3 немесе IMAP4) сервер атауын қалай табу туралы қосымша ақпарат алу үшін кейінірек осы бөлімдегі Сервер параметрлерін қалай іздеу керек? тармағын қараңыз.

    3. Құпиясөз жолағының қасына құпиясөзді енгізіңіз. Егер құпиясөзіңізді сақтағыңыз келсе, Құпиясөзді Mac OS кілттер тізбегінде сақтау жанына белгі қоюыңызға болады.

    4. Қосымша қабылдау параметрлері үшін осында басыңыз түймешігін басыңыз.

    5. Қалқып шығатын терезеде IMAP қызметі сенімді байланысты (SSL) қажет етеді дегеннің тұсына белгі қойыңыз, содан кейін терезенің үстіңгі сол жағындағы жабу түймешігін басыңыз.

    Пошта жіберу ішінде:

    1. SMTP сервері қасына SMTP серверінің атын енгізіңіз. Шығыс (SMTP) сервер атауын қалай табу туралы қосымша ақпарат алу үшін кейінірек осы бөлімдегі Сервер параметрлерін қалай іздеу керек? тармағын қараңыз.

    2. Қосымша жіберу параметрлері үшін осы жерді басыңыз түймешігін басыңыз. Қалқымалы терезеде мына әрекеттерді орындаңыз:

      SMTP қызметі сенімді байланысты (SSL) қажет етеді дегеннің тұсына белгі қойыңыз.

      SMTP сервері түпнұсқасын растауды қажет етеді дегеннің тұсына белгі қойыңыз.

      Бірдей параметрді қабылдау поштасы сервері ретінде пайдалану параметрін таңдаңыз, содан кейін қалқымалы терезенің үстіңгі сол жағындағы жабу түймешігін басыңыз.

  4. Параметрлер бетінде қалаған параметрлерді таңдаңыз. Егер IMAP4 протоколын пайдаланып жатсаңыз, Қосымша бетіндегі параметрлерді таңдауыңызға болады.

    CautionАбайлаңыз:
    Егер POP3 протоколын пайдаланып жатсаңыз, Параметрлер бетіндегі, Сервер парамтерлері ішінде, серверде хабарлардың көшірмесін сақтағыңыз келсе Сервердегі әр хабардың көшірмесін қалдыру пәрменін таңдаңыз. Егер бұл әрекетті жасағыңыз келмесе, барлық хабарлар серверден жойылады және компьютерде сақталады.
  5. Параметрлерді сақтау үшін Тіркелгіні түзету терезесіндегі OK түймешігін басыңыз.

  6. Тіркелгілер диалогтық терезесін жабыңыз.

Сервер параметрлерін қалай іздеу керек?

POP3 немесе IMAP4 электрондық пошта бағдарламасын орнату алдында жеке POP3, IMAP4 және SMTP сервер параметрлерін қарап алу керек.

POP немесе IMAP электрондық пошта бағдарламасының параметрлерін табу туралы мәліметтер алу үшін осы бейнені көріңіз.

Сервер параметрлерін табу үшін электрондық пошта тіркелгіңізге Outlook Web App бағдарламасын пайдаланып кіріңіз. Кіргеннен кейін Параметрлер > Барлық параметрлерді көру > Тіркелгі > Менің тіркелгім > POP, IMAP және SMTP кіруге арналған параметрлер параметрлерін таңдаңыз. POP3, IMAP4 және SMTP серверінің атауы мен басқа да енгізілуі тиісті параметрлердің тізімі POP параметрі немесе IMAP параметрі және SMTP параметрі ішіндегі Протокол параметрлері бетінде көрсетілген.

noteЕскертпе:
Егер POP параметрі, IMAP параметрі және SMTP параметрі жанында Қол жетімді емес деген жазуды көрсеңіз, демек, тіркелгіңіз POP немесе IMAP электрондық пошта бағдарламаларын пайдаланатындай етіп орнатылмаған болуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін электрондық пошта тіркелгіңізді басқаратын адамға хабарласыңыз.

Қосымша не білгенім жөн?

  • Егер сіз POP3 немесе IMAP4 протоколын пайдалану керектігін білмесеңіз, IMAP4 протоколында мүмкіндіктер көбірек болатындықтан, оны пайдаланып көріңіз.

  • Электрондық пошта тіркелгіңіз тіркеуді қажет ететін түрге жатса, оны Outlook Web App бағдарламасына бірінші рет кіргенде тіркеуіңіз керек. Тіркелгіңізді Outlook Web App көмегімен тіркемеген болсаңыз, POP3 немесе IMAP4 арқылы электрондық пошта тіркелгісіне қосылу орындалмайды. Тіркелгіге кіргеннен кейін шығыңыз. POP3 немесе IMAP4 арқылы қосылып көріңіз. Тіркелгіңізге Outlook Web App бағдарламасы арқылу кіру туралы қосымша ақпаратты Веб-шолғышты пайдалану арқылы электрондық поштаға қалай кіру керек бөлімінен қараңыз. Кіруде мәселе бар болса, Жиі қойылатын сұрақтар: кіру және құпия сөз мәселелері бөлімін қараңыз немесе электрондық пошта тіркелгіңізді басқаратын адамға хабарласыңыз.

Қосымша ақпарат алу үшін не істеу керек?