BlackBerry Curve телефонында POP немесе IMAP электрондық поштасын орнату

 

Мынаған қолданылады: Office 365 for professionals and small businesses, Office 365 for enterprises, Microsoft Exchange, Live@edu

Бөлімнің соңғы жаңартылуы: 2012-02-15

Электрондық поштаны BlackBerry құрылғысына орнатуыңызға болады. Егер POP3 немесе IMAP4 тіркелгісін орнатсаңыз, құрылғыңыздағы электрондық поштаны тек синхрондай аласыз. Егер құрылғыңыз BlackBerry Enterprise Cloud Services бағдарламасына орнатылған болса, электрондық поштаңызға, күнтізбеңізге және контактілеріңізге кіре аласыз және оларды синхрондай аласыз. BlackBerry Enterprise Cloud Services бағдарламасы туралы ақпаратты «Қосымша не білгенім жөн?» бөлімінің төменірек бөлігінен қараңыз. Егер құрылғыңыз басқа болса, Ұялы телефон мүмкіндіктері бөлімін қараңыз.

BlackBerry құрылғысына POP немесе IMAP электрондық поштасы қалай орнатылады?

  1. BlackBerry экранынан BlackBerry орнату > Интернет электрондық поштасы > Электрондық пошта тіркелгісін қосу түймешігін басыңыз.

  2. Электрондық пошта мекенжайын және құпиясөзді теріңіз де, Келесі түймешігін басыңыз.

  3. Сіздің BlackBerry құрылғыңыз электрондық пошта тіркелгіңізді автоматты түрде орнатып көреді. Егер орнату сәтті аяқталса, келесі қадамға өтіңіз. Егер электрондық пошта тіркелгісі автоматты түрде теңшелмесе, төмендегіні орындаңыз.

    1. Осы электрондық пошта тіркелгісін қосу үшін параметрлерді қолданамын түймешігін басыңыз.

    2. Төмен айналдырыңыз және Келесі түймешігін басыңыз.

    3. Интернет қызметін жеткізушісінің электрондық поштасы (POP/IMAP) тармағын таңдаңыз да, Келесі түймешігін басыңыз.

    4. Пайдаланушы атыңызға өзіңіздің толық электрондық пошта мекенжайыңызды теріңіз (мысалы, tony@contoso.com).

    5. Төмен қарай өтіп, электрондық пошта серверінің атауын теріңіз. Кіріс (POP3 немесе IMAP4) сервер атауын қалай табу туралы қосымша ақпарат алу үшін кейінірек осы бөлімдегі Сервер параметрлерін қалай іздеу керек? тармағын қараңыз.

    6. Келесі түймешігін басыңыз.

    7. Шығыс сервер атауын енгізіңіз. Шығыс (SMTP) сервер атауын қалай табу туралы қосымша ақпарат алу үшін кейінірек осы бөлімдегі Сервер параметрлерін қалай іздеу керек? тармағын қараңыз.

  4. Орнатуды аяқтау үшін OK түймешігін басыңыз.

Сервер параметрлерін қалай іздеу керек?

POP3 немесе IMAP4 электрондық пошта бағдарламасын орнату алдында жеке POP3, IMAP4 және SMTP сервер параметрлерін қарап алу керек.

POP немесе IMAP электрондық пошта бағдарламасының параметрлерін табу туралы мәліметтер алу үшін осы бейнені көріңіз.

Сервер параметрлерін табу үшін электрондық пошта тіркелгіңізге Outlook Web App бағдарламасын пайдаланып кіріңіз. Кіргеннен кейін Параметрлер > Барлық параметрлерді көру > Тіркелгі > Менің тіркелгім > POP, IMAP және SMTP кіруге арналған параметрлер параметрлерін таңдаңыз. POP3, IMAP4 және SMTP серверінің атауы мен басқа да енгізілуі тиісті параметрлердің тізімі POP параметрі немесе IMAP параметрі және SMTP параметрі ішіндегі Протокол параметрлері бетінде көрсетілген.

noteЕскертпе:
Егер POP параметрі, IMAP параметрі және SMTP параметрі жанында Қол жетімді емес деген жазуды көрсеңіз, демек, тіркелгіңіз POP немесе IMAP электрондық пошта бағдарламаларын пайдаланатындай етіп орнатылмаған болуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін электрондық пошта тіркелгіңізді басқаратын адамға хабарласыңыз.

Қосымша не білгенім жөн?

  • Электрондық пошта тіркелгіңіз тіркеуді қажет ететін түрге жатса, оны Outlook Web App бағдарламасына бірінші рет кіргенде тіркеуіңіз керек. Тіркелгіңізді Outlook Web App көмегімен тіркемеген болсаңыз, мобильді телефон арқылы электрондық пошта тіркелгісіне қосылу орындалмайды. Тіркелгіге кіргеннен кейін шығыңыз. Мобильді телефонды пайдалану арқылы қосыңыз. Outlook Web App пайдалану арқылы тіркелгіге қалай қосылу туралы қосымша ақпарат алу үшін Веб-шолғышты пайдалану арқылы электрондық поштаға қалай кіру керек бөлімін қараңыз. Кіруде мәселе бар болса, Жиі қойылатын сұрақтар: кіру және құпия сөз мәселелері бөлімін қараңыз немесе электрондық пошта тіркелгіңізді басқаратын адамға хабарласыңыз.

  • Бұл процедура құрылғыңыз бен тіркелгіңіз арасындағы POP немесе IMAP байланысын орнатады және сымсыз байланыспен электрондық поштаңызды синхрондауға рұқсат береді. BlackBerry құрылғыңыз бен тіркелгіңіз арасындағы контактілеріңіз бен күнтізбеңізді сымды байланысын синхрондау туралы ақпаратты BlackBerry веб-торабындағы BlackBerry Desktop Software бетінен қараңыз.

  • Microsoft Office 365 бағдарламасына арналған BlackBerry Business Cloud Services дегеніміз Office 365 тіркелгілерімен қолданылатын BlackBerry құрылғысы пайдаланушыларына кеңейтілген мүмкіндіктер беру үшін жасалған болашақ қызмет түрі. Осы қызмет туралы көбірек білу үшін электрондық пошта әкімшісі BlackBerry Business Cloud Services for Microsoft Office 365 бетін қарауына болады.

  • Егер сіз Office 365 пайдаланушысы болсаңыз және компанияңыз BlackBerry Business Cloud Services бағдарламасын пайдаланса, Microsoft Exchange Online бағдарламасымен бекітілген электрондық пошта, күнтізбелеу және контакт қызметтеріне арналған қызметті қолдана аласыз. Сол сияқты, егер Office 365 пайдаланушысы емес, BlackBerry Enterprise Server және BlackBerry Enterprise Server Express қызметтерін қолданатын Exchange серверінде пошта жәшігіңіз болса, Microsoft Exchange Online бағдарламасымен бекітілген электрондық пошта, күнтізбе жүргізу және контакт қызметтеріне арналған қызметті қолдана аласыз. Әкімшіңіз BlackBerry құрылғыңызды орнатқаннан кейін, телефоныңыздағы параметрлерді өзіңіз басқара аласыз. BlackBerry сматрфоныңызды басқару үшін BlackBerry Web Desktop Manager бетіне барыңыз.