Mozilla Thunderbird 3.0 бағдарламасын электрондық пошта тіркелгіңізге теңшеу

 

Мынаған қолданылады: Office 365 for professionals and small businesses, Office 365 for enterprises, Microsoft Exchange, Live@edu

Бөлімнің соңғы жаңартылуы: 2011-03-19

POP3 немесе IMAP4 қосылу мүмкіндіктері арқылы электрондық пошта тіркелгіңізге Mozilla Thunderbird 3.0 бағдарламасын қосуға болады. Бұл нұсқаулар Windows және Mac жүйесіне қолданылады.

Thunderbird 2.0 нұсқасын электрондық пошта тіркелгіңізге дұрыс жалғау туралы ақпаратты Mozilla Thunderbird 2,0 бағдарламасын электрондық пошта тіркелгіңізге орнату бөлімінен қараңыз.

Outlook Web App бағдарламасына кіру үшін Mozilla Thunderbird бағдарламасы қалай орнатылады?

  1. Mozilla Thunderbird бағдарламасын ашыңыз. Электрондық поштаңыздың тіркелгісін теңшеу диалогтық терезесі Thunderbird бағдарламасын ашқанда бірінші рет ашылады. Егер Пошта тіркелгісін теңшеу диалогтық терезесі Thunderbird бағдарламасын алғаш ашқанда ашылмаса, мына әрекетті орындаңыз:

    1. Құралдар мәзіріндегі Тіркелгі параметрлері түймешігін басыңыз.

    2. Тіркелгі параметрлері бетінде Тіркелгі әрекеттері астында Тіркелгі жазбасын қосутүймешігін басыңыз.

  2. Пошта тіркелгісін теңшеу диалогтық терезесінен төмендегі әрекеттерді орындаңыз:

    1. Сіздің атыңыз терезесінде пайда болғыңыз келетін атты шығыс хабарларындағы «Кімнен» жолына енгізіңіз.

    2. Электрондық пошта мекенжайы терезесінде электрондық поштаңыздың мекенжайын енгізіңіз.

    3. Құпиясөз жолағына құпиясөзді енгізіңіз. Жалғастыру түймешігін Windows компьютері пайдаланылғанда басыңыз немесе Келесі түймесін Mac жүйесі пайдаланылғанда басыңыз. Thunderbird тіркелгіңіз үшін теңшеуге қажетті параметрлерді табуға тырысады.

  3. Тоқтату түймесін басыңыз немесе Thunderbird тіркелгі параметрлеріңіз табылғанша күтіңіз. Тіркелгіңіз үшін сервер параметрлеріне ене алатын жерде бет пайда болады. Тоқтату пернесін баспасаңыз, бетте «Thunderbird тіркелгіңізге параметрлер тапты» деген хабар болуы мүмкін. Сонда да ол орналасқан тіркелгі параметрлері дұрыс болмайды. Параметрлерді өзіңіз теңшеуіңіз керек.

    noteЕскертпе:
    Электрондық поштаңызды орнату үшін қажетті параметрлерді енгізбес бұрын Өңдеу түймешігін басуыңыз керек болуы мүмкін.
  4. Пайдаланушы аты жолына толық электрондық поштаңыздың мекенжайын теріңіз. Мысалы, tonysmith@contoso.com.

  5. Кіріс тармағының жанына кіріс серверіңіздің атын енгізіңіз. Кіріс (POP3 немесе IMAP4) сервер атауын қалай табу туралы қосымша ақпарат алу үшін кейінірек осы бөлімдегі Сервер параметрлерін қалай іздеу керек? тармағын қараңыз.

    noteЕскертпе:
    POP немесе IMAP порты үшін мәндер және шифрлау әдісі қажет етіледі. Кіріс серверінің атының жанында порт нөмірін теріңіз. Содан кейін порт нөмірнің жанындағы ашылмалы тізімнен SSL/TLS параметрін таңдаңыз.
  6. Шығыс жанынан қолайлы SMTP сервер атауын енгізіңіз. Шығыс (SMTP) сервер атауын қалай табу туралы қосымша ақпарат алу үшін кейінірек осы бөлімдегі Сервер параметрлерін қалай іздеу керек? тармағын қараңыз.

    noteЕскертпе:
    SMTP порты үшін мәндер және шифрлау әдісі қажет етіледі. Шығыс серверінің атының жанына 587 деп теріңіз. Содан кейін порт нөмірнің жанындағы ашылмалы тізімнен STARTTLS параметрін таңдаңыз.
  7. Қайта тексеру теңшеу түймешігін басыңыз. Егер сіз дұрыс параметрлерді енгізсеңіз, «Thunderbird тіркелгіңізге параметрлер тапты»деген хабарды көресіз.

  8. Тіркелгі жасау түймешігін басыңыз. Басқа Thunderbird параметрлерін қарауға немесе өзгертуге мүмкідік беретін бет ашылады. Параметрлерді қарап немесе өзгертіп болған соң OK түймешігін басыңыз.

    importantМаңызды:
    Егер POP протоколы пайдаланылса, Сервер параметрлері астынан Хабарларды серверде қалдыру параметрін таңдаған дұрыс. Осы құсбелгіні таңдағаннан кейін ол серверде жергілікті компьютерге қайтарғыңыз келетін хабарлардың көшірмесін сақтайды. Сондай-ақ, сіз хабарларыңызға басқа пошта бағдарламасынан кіруге мүмкіндік аласыз.

Сервер параметрлерін қалай іздеу керек?

POP3 немесе IMAP4 электрондық пошта бағдарламасын орнату алдында жеке POP3, IMAP4 және SMTP сервер параметрлерін қарап алу керек.

POP немесе IMAP электрондық пошта бағдарламасының параметрлерін табу туралы мәліметтер алу үшін осы бейнені көріңіз.

Сервер параметрлерін табу үшін электрондық пошта тіркелгіңізге Outlook Web App бағдарламасын пайдаланып кіріңіз. Кіргеннен кейін Параметрлер > Барлық параметрлерді көру > Тіркелгі > Менің тіркелгім > POP, IMAP және SMTP кіруге арналған параметрлер параметрлерін таңдаңыз. POP3, IMAP4 және SMTP серверінің атауы мен басқа да енгізілуі тиісті параметрлердің тізімі POP параметрі немесе IMAP параметрі және SMTP параметрі ішіндегі Протокол параметрлері бетінде көрсетілген.

noteЕскертпе:
Егер POP параметрі, IMAP параметрі және SMTP параметрі жанында Қол жетімді емес деген жазуды көрсеңіз, демек, тіркелгіңіз POP немесе IMAP электрондық пошта бағдарламаларын пайдаланатындай етіп орнатылмаған болуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін электрондық пошта тіркелгіңізді басқаратын адамға хабарласыңыз.

Қосымша не білгенім жөн?

  • Егер сіз POP3 немесе IMAP4 протоколын пайдалану керектігін білмесеңіз, IMAP4 протоколында мүмкіндіктер көбірек болатындықтан, оны пайдаланып көріңіз.

  • Электрондық пошта тіркелгіңіз тіркеуді қажет ететін түрге жатса, оны Outlook Web App бағдарламасына бірінші рет кіргенде тіркеуіңіз керек. Тіркелгіңізді Outlook Web App көмегімен тіркемеген болсаңыз, POP3 немесе IMAP4 арқылы электрондық пошта тіркелгісіне қосылу орындалмайды. Тіркелгіге кіргеннен кейін шығыңыз. POP3 немесе IMAP4 арқылы қосылып көріңіз. Тіркелгіңізге Outlook Web App бағдарламасы арқылу кіру туралы қосымша ақпаратты Веб-шолғышты пайдалану арқылы электрондық поштаға қалай кіру керек бөлімінен қараңыз. Кіруде мәселе бар болса, Жиі қойылатын сұрақтар: кіру және құпия сөз мәселелері бөлімін қараңыз немесе электрондық пошта тіркелгіңізді басқаратын адамға хабарласыңыз.

  • Кей жағдайларда IMAP протоколын пайдалану үшін Thunderbird реттелген болса, жіберілген хабарларды Exchange серверіндегі «Жіберілгендер» қалтасына салу үшін Thunderbird бағдарламасын реттеу керек. Төмендегі қадамдарды пайдалана отырып, осы әрекетті орындауға болады:

    1. Thunderbird арқылы электрондық пошта тіркелгіңізге кіру үшін Thunderbird бағдарламасындағы Хабар алу түймешігін басыңыз.

    2. Thunderbird бағдарламасының Құралдар мәзіріндегі Тіркелгі параметрлері түймешігін басыңыз.

    3. Тіркелгі параметрлері шарлау аумағында электрондық пошта тіркелгісі үшін Көшірмелер & қалталар түймешігін басыңыз.

    4. Оң жақ тақтадағы Көшірмелер & қалталар ішіндегі Хабарлар жібергенде, автоматты түрде астынан Басқалары параметрін таңдаңыз. Ашылмалы тізімнен пайдаланушы атын таңдап, Жіберілгендер түймешігін басыңыз.

    5. ОК түймешігін басыңыз.

Қосымша ақпарат алу үшін не істеу керек?