Outlook for Mac 2011 бағдарламасын электрондық пошта тіркелгіңізге теңшеу

 

Мынаған қолданылады: Office 365 for professionals and small businesses, Office 365 for enterprises, Microsoft Exchange, Live@edu

Бөлімнің соңғы жаңартылуы: 2011-03-19

Электрондық пошта мекенжайын және құпиясөз кіру ақпаратын пайдаланып тіркелгіге кіру үшін Mac 2011 үшін Microsoft Outlook бағдарламасын автоматты түрде теңшеуіңізге болады.

Mac 2011 үшін Outlook бағдарламасын орнату әдісі

  1. Mac 2011 үшін Outlook бағдарламасын ашыңыз. Құралдар мәзіріндегі Тіркелгілер түймешігін басыңыз. Егер бұл сіз Outlook 2011 бағдарламасында жасап жатқан бірінші тіркелгі болса, Тіркелгі қосу астында Exchange тіркелгісі пәрменін таңдаңыз.

    Егер алдында басқа электрондық пошта мекенжайы үшін электрондық пошта тіркелгісін жасаған болсаңыз, Тіркелгілер диалогтық терезесінің төменгі сол жақ бұрышында + таңбасын басыңыз, содан кейін Exchange пәрменін таңдаңыз.

  2. Exchange тіркелгісінің ақпаратын енгізу бетінде электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

  3. Түпнұсқалығын растау астында Пайдаланушы аты және құпиясөз таңдалғанын тексеріңіз.

  4. Пайдаланушы аты ішінде толық электрондық поштаңыздың мекенжайын теріңіз.

  5. Автоматты түрде теңшеу таңдалғанын тексеріңіз де, Тіркелгі қосу түймешігін басыңыз.

  6. Тіркелгі қосу түймешігін басқаннан кейін Outlook бағдарламасы электрондық пошта серверінің параметрлерін табу үшін желіде іздеуді орындайды. Серверге параметрлеріңізді теңшеуге рұқсат ету керек пе, соны сұрайтын тілқатысу терезесінде Жауабымды үнемі осы серверге пайдалану белгісін қойыңыз да, Рұқсат ету түймешігін басыңыз.

    Outlook бағдарламасы тіркелгіні орнатса, орнатылған тіркелгіні Accounts диаллогтық терезесінің сол жақ аумағында көресіз. Тіркелгілер диалогтық терезесін жабыңыз. Егер Outlook бағдарламасы тіркелгіңізді орната алмаса, төмендегі «Қосымша не білуім керек» бөлімін қараңыз.

Қосымша не білгенім жөн?

  • Электрондық пошта тіркелгіңіз тіркеуді қажет ететін түрге жатса, оны Outlook Web App бағдарламасына бірінші рет кіргенде тіркеуіңіз керек. Тіркелгіңізді Outlook Web App көмегімен тіркемеген болсаңыз, Outlook арқылы электрондық пошта тіркелгісіне қосылу орындалмайды. Тіркелгіге кіргеннен кейін шығыңыз. Outlook арқылы қосылып көріңіз. Тіркелгіңізге Outlook Web App бағдарламасы арқылу кіру туралы қосымша ақпаратты Веб-шолғышты пайдалану арқылы электрондық поштаға қалай кіру керек бөлімінен қараңыз. Кіруде мәселе бар болса, Жиі қойылатын сұрақтар: кіру және құпия сөз мәселелері бөлімін қараңыз немесе электрондық пошта тіркелгіңізді басқаратын адамға хабарласыңыз.

  • Outlook тіркелгіні орнатпаса, келесі әрекеттердің біреуін немесе бірнешеуін орындаңыз: