Share via


Mozilla Thunderbird 8,0 бағдарламасын электрондық пошта тіркелгіңізге орнату

 

Мынаған қолданылады: Office 365 for professionals and small businesses, Office 365 for enterprises, Microsoft Exchange, Live@edu

Бөлімнің соңғы жаңартылуы: 2011-12-02

POP3 or IMAP4 қосылу мүмкіндіктері арқылы электрондық пошта тіркелгіңізге Mozilla Thunderbird 8,0 бағдарламасын қосуға болады. Бұл нұсқаулар Windows және Mac жүйесіне қолданылады.

Thunderbird 3.0 нұсқасын электрондық пошта тіркелгіңізге дұрыс жалғау туралы ақпаратты Mozilla Thunderbird 3.0 бағдарламасын электрондық пошта тіркелгіңізге теңшеу бөлімінен қараңыз.

Электрондық пошта тіркелгімен кіру үшін Mozilla Thunderbird 8.0 бағдарламасын қалай орнатамын?

  1. Mozilla Thunderbird бағдарламасын ашыңыз. Электрондық поштаңыздың тіркелгісін теңшеу диалогтық терезесі Thunderbird бағдарламасын ашқанда бірінші рет ашылады. Пошта тіркелгісін теңшеу тілқатысу терезесі ашылмаса, төмендегі әрекеттерді орындаңыз:

    1. Құралдар мәзіріндегі Тіркелгі параметрлері түймешігін басыңыз.

    2. Тіркелгі параметрлері бетінде Тіркелгі әрекеттері астында Тіркелгі жазбасын қосутүймешігін басыңыз.

  2. Пошта тіркелгісін теңшеу диалогтық терезесінен төмендегі әрекеттерді орындаңыз:

    1. Сіздің атыңыз терезесінде пайда болғыңыз келетін атты шығыс хабарларындағы «Кімнен» жолына енгізіңіз.

    2. Электрондық пошта мекенжайы терезесінде электрондық поштаңыздың мекенжайын енгізіңіз.

    3. Құпиясөз жолағына құпиясөзді енгізіңіз. Жалғастыру түймешігін Windows компьютері пайдаланылғанда басыңыз немесе Келесі түймесін Mac жүйесі пайдаланылғанда басыңыз. Thunderbird тіркелгіңіз үшін теңшеуге қажетті параметрлерді табуға тырысады.

  3. Тоқтату түймесін басыңыз немесе Thunderbird тіркелгі параметрлеріңіз табылғанша күтіңіз. Келесі хабарламаны көресіз: «Электрондық пошта тіркелгіңіз үшін Thunderbird бағдарламасының параметрлері табылмады».

  4. Кіріс параметрінің жанындағы IMAP құсбелгісі әдепкі ретінде таңдалды және ол ұсынылады. Сервер хост атауы жолағына кіріс серверінің атын енгізіңіз. Кіріс (POP3 немесе IMAP4) сервер атауын қалай табу туралы қосымша ақпарат алу үшін кейінірек осы бөлімдегі Сервер параметрлерін қалай іздеу керек? тармағын қараңыз.

    noteЕскертпе:
    Порт опциясын Авто ретінде орнатулы етіп қалдырыңыз. SSL және Түпнұсқалығын растау опцияларын Авто анықтау ретінде орнатулы етіп қалдырыңыз.
  5. Шығыс параметрінің жанындағы Сервер хост атауы мәтіндік жолағына SMTP сервер атауын енгізіңіз. Шығыс (SMTP) сервер атауын қалай табу туралы қосымша ақпарат алу үшін кейінірек осы бөлімдегі Сервер параметрлерін қалай іздеу керек? тармағын қараңыз.

    noteЕскертпе:
    Порт опциясын Авто ретінде орнатулы етіп қалдырыңыз. SSL және Түпнұсқалығын растау опцияларын Авто анықтау ретінде орнатулы етіп қалдырыңыз.
  6. Пайдаланушы аты жолына толық электрондық поштаңыздың мекенжайын теріңіз. Мысалы, tonysmith@contoso.com.

  7. Қайта тексеру түймешігін басыңыз. «Берілген серверді тексеретін келесі параметрлер табылмады» хабарын көрсетін болсаңыз, Тіркелгіні жасау параметрін таңдаңыз. Басқа Thunderbird параметрлерін қарауға немесе өзгертуге мүмкідік беретін бет ашылады. Параметрлерді қарап немесе өзгертіп болған соң, OK түймешігін басыңыз. Қосыла алмасаңыз, осы тараудағы «Қосымша не білгенім жөн?» бөлімінің соңғы бөлігін қараңыз.

    importantМаңызды:
    Егер POP протоколы пайдаланылса, Сервер параметрлері астынан Хабарларды серверде қалдыру параметрін таңдаған дұрыс. Осы құсбелгіні таңдағаннан кейін ол серверде жергілікті компьютерге қайтарғыңыз келетін хабарлардың көшірмесін сақтайды. Сондай-ақ, сіз хабарларыңызға басқа пошта бағдарламасынан кіруге мүмкіндік аласыз.

Сервер параметрлерін қалай іздеу керек?

POP3 немесе IMAP4 электрондық пошта бағдарламасын орнату алдында жеке POP3, IMAP4 және SMTP сервер параметрлерін қарап алу керек.

POP немесе IMAP электрондық пошта бағдарламасының параметрлерін табу туралы мәліметтер алу үшін осы бейнені көріңіз.

Сервер параметрлерін табу үшін электрондық пошта тіркелгіңізге Outlook Web App бағдарламасын пайдаланып кіріңіз. Кіргеннен кейін Параметрлер > Барлық параметрлерді көру > Тіркелгі > Менің тіркелгім > POP, IMAP және SMTP кіруге арналған параметрлер параметрлерін таңдаңыз. POP3, IMAP4 және SMTP серверінің атауы мен басқа да енгізілуі тиісті параметрлердің тізімі POP параметрі немесе IMAP параметрі және SMTP параметрі ішіндегі Протокол параметрлері бетінде көрсетілген.

noteЕскертпе:
Егер POP параметрі, IMAP параметрі және SMTP параметрі жанында Қол жетімді емес деген жазуды көрсеңіз, демек, тіркелгіңіз POP немесе IMAP электрондық пошта бағдарламаларын пайдаланатындай етіп орнатылмаған болуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін электрондық пошта тіркелгіңізді басқаратын адамға хабарласыңыз.

Қосымша не білгенім жөн?

  • Егер сіз POP3 немесе IMAP4 протоколын пайдалану керектігін білмесеңіз, IMAP4 протоколында мүмкіндіктер көбірек болатындықтан, оны пайдаланып көріңіз.

  • Электрондық пошта тіркелгіңіз тіркеуді қажет ететін түрге жатса, оны Outlook Web App бағдарламасына бірінші рет кіргенде тіркеуіңіз керек. Тіркелгіңізді Outlook Web App көмегімен тіркемеген болсаңыз, POP3 немесе IMAP4 арқылы электрондық пошта тіркелгісіне қосылу орындалмайды. Тіркелгіге кіргеннен кейін шығыңыз. POP3 немесе IMAP4 арқылы қосылып көріңіз. Тіркелгіңізге Outlook Web App бағдарламасы арқылу кіру туралы қосымша ақпаратты Веб-шолғышты пайдалану арқылы электрондық поштаға қалай кіру керек бөлімінен қараңыз. Кіруде мәселе бар болса, Жиі қойылатын сұрақтар: кіру және құпия сөз мәселелері бөлімін қараңыз немесе электрондық пошта тіркелгіңізді басқаратын адамға хабарласыңыз.

  • POP3 кіріс серверін қолданып жатсаңыз, тек қана Кіріс қалтасын үндестіре аласыз. IMAP4 серверін қолданып жатсаңыз, Thunderbird бағдарламасының сервермен үндестіретін қалталарын таңдай аласыз. IMAP4 серверінің Контактілер және Күнтізбе қалталарын үндестіруге қолдау көрсетпейтінін есте сақтаңыз.

  • Thunderbird бағдарламасы жіберілген элементтерді сақтау үшін Жіберілген атаулы қалтасын қолданады. Exchange және Outlook Web App бағдарламалары Жіберілген элементтер атаулы қалтасын қолданады. Thunderbird бағдарламасында Exchange серверіндегі «Жіберілген элементтер» қалтасымен жіберілген электрондық пошта элементтерін үндестіруге болады. Оны орындау үшін мына қадамдарды орындаңыз:

    1. Thunderbird бағдарламасындағы консоль тармағында электрондық пошта тіркелгісін таңдаңыз. Қосымша тармағының астындағы толық деректер аумағында Қалтаға жазылуларды басқару түймешігін басыңыз. Жазылу тілқатысу терезесінде Жіберілген элементтер құсбелгісін қойып, ОК түймешігін басыңыз.

    2. Thunderbird бағдарламасының Құралдар мәзіріндегі Тіркелгі параметрлері түймешігін басыңыз.

    3. Тіркелгі параметрлері шарлау аумағында электрондық пошта тіркелгісі үшін Көшірмелер & қалталар түймешігін басыңыз.

    4. Хабарларды автоматты түрде жіберген кезде тармағының астындағы толық деректер аумағында Басқа параметрін таңдаңыз. Ашылмалы тізімнен пайдаланушы атын таңдап, Жіберілген элементтер параметрін таңдап, OK түймешігін басыңыз.

Қосымша ақпарат алу үшін не істеу керек?